Елордадағы жылу жүйесіне қосылмаған аялдама павильондары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов  қаладағы жылы аялдама павильондарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін қаладағы жылы аялдамалардың бірқатарына бардым.

Жылуы жоқ аялдамалар анықталады. Соның бірі – Республика даңғылымен қиылысатын Сейфулин көшесіндегі »Жастар сарайы« аялдамасы. Қала бойынша осындай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды», деп жазды елорда әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Әкім қала тұрғындарына жылуы істемей тұрған аялдамаларды байқаса нақты орналасқан жерін айтуды сұрады. «Қала тұрғындарына жайлы болу үшін көбірек жылы аялдамалар салуды жоспарладық», - деді Алтай Көлгінов.