«Биыл сәуір және мамыр айларында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Астана» кеден бекетінде 100 млн теңгеден астам ақша мен 1 құйма алтынды заңсыз әкету фактілері анықталып, жолы кесілді.
Күдікті «Астана-Анталья» бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өту кезінде ұсталды. Оның жүгін тексеру кезінде 118 392 доллар, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасына декларацияланбаған қолма-қол ақша табылды», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағынан 10 000 доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын алып шығуға тыйым салынғанын атап өтті. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін кінәлі ҚР заңнамасына сәйкес, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.