Елордадан 200-ден астам көпбабалы отбасы Екібастұзға қоныстанады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың басынан бері елордадан Екібастұзға 103 отбасы қоныс аударды, жыл соңына дейін тағы 200-ден астам отбасы аталға қалаға қоныстанбақ. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден адамдарды солтүстік облыстарғақоныстандыру жұмыстарына тоқталған бірінші вице-министр, «биыл жоспар бойынша 2253 отбасын немесе 10 мың адамды көшіру ескерілген. Бүгінде 1 050 отбасы немесе4 мың адам қоныс аударды», - деді.

Осы орайда ол солтүстік өңірлерге барған адамдардың екі мыңы, яғнижалпы еңбекке қабілетті азаматтардың 65 пайызы жұмыспен қамтылғанын жеткізді.

Е. Жылқыбаев оңтүстік өңірлермен қатар, биылдан бастап Нұр-Сұлтанқаласынан да солтүстік облыстарға көшуге ниет білдірген отбасылар қамтылғанынатап өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, «Еңбек» бағдарламасы аясында Павлодар облысында«Нұрлы Ертіс» қанатқақты жобасы жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанқаласынан Екібастұзға көпбалалы 103 отбасы қоныс аударды, яғни 600-ге тартаадам. Олардың барлығы баспанамен қамтылды, еңбекке қабілетті жастағылардың 80пайызы жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, балалар балабақшамен қамтамасызетілді. Бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті, жыл аяғына дейін елордадан200-ден астам отбасын Екібастұзға қоныстандыру жоспарланып отыр», - дедібірінші вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама аясындағы қанатқақты жоба тұрғысында3 млрд теңге Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген. Осы орайда оңтүстікоблыстардан қоныс аударатындар үшін 428 жалға берілетін тұрғын үйді салу жоспарланыпотыр.

Соңғы жаңалықтар