Елордадан Алматыға қосымша бір реттік пойыздар қатынайды

Фото: None
«НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадан Алматыға қосымша бір реттік пойыздар қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабарлайды.

«2019жылдың 19 және 20 шілде күндері №202/201 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Алматы-2» бағыты бойынша екі жолаушылар пойызы сапарға шығады. Жөнелту уақыты – 17сағат 16 минутта. Екі пойыз жаңа 25плацкарт вагондарынан құралған. Вагондар заман талабына сай кондиционер, сусүзгіш, өртке қарсы жүйе, биотуалет қондырғыларымен жабдықталған. Әр вагонда 54 орын бар», - делінген компанияхабарламасында.

Айта кетсек,Алматыға жеткеннен кейін бұл жаңа вагондар тұрақты түрде «Алматы –Маңғыстау» бағыты бойынша қатынамақ.

Соңғы жаңалықтар