Елордадан Атбасар мен Көкшетау бағытында жаңа жылдық электропойыз жолға шықты

Фото: Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

АСТАНА. KAZINFORM – «Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекелік тақырыпта безендірілген Жаңа жылдық электропойызды жолға шығарды.

Электропойыз аптасына бес рет №6803/6804 «Астана-Атбасар» және №7507/7508 «Астана-Көкшетау» бағыттарында қатынайды. 

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Биылғы жаңа жылдық электропойыздың сыртқы безендіруі қар ұшқындары мен Аяз ата және Ақшақардың бейнелерімен ерекшеленеді. Вагондардың ішкі бөлігі шырша ойыншықтары, гирляндалар және қар өрнектерімен әсемделіп, жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлайды. 

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Балалар үшін арнайы пошта жәшігі орнатылған. Онда олар өз тілектерін жазып, Аяз атаға хат жібере алады. Сондай-ақ, жолаушылардың жайлылығы үшін пойызда жаңа піскен нан-тоқаш, сусындар мен тәттілерді қолжетімді бағамен ұсынатын буфет қарастырылған. 

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Электропойыз екі бағытта ұйымдастырылған, бұл мерекелік сапарды мүмкіндігінше көп жолаушыға қолжетімді етеді. Атбасарға пойыз дүйсенбі, бейсенбі және жұма күндері, ал Көкшетауға сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

- Жөнелту Астанадағы Нұрлы жол және Астана-1 вокзалдарынан жүзеге асырылады. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады, - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Еліміздегі пойыздарда қашан сапалы интернет қосылатынын жазған болатынбыз.