— Кеше 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Биыл 21 мыңнан астам азамат әскери қызметке аттанды. Оның ішінде Астана қаласынан 1 284 адам шақырылды. Олардың 703-і — Қарулы күштерге, 405-і — Ұлттық ұланға, 119-ы — Шекара қызметіне, 30-ы — Төтенше жағдайлар министрлігіне, 27-сі — Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді. Жергілікті әскери басқару органдарын цифрландыру аясында Қорғаныс министрлігі 2020 жылдан бастап «Смарт-әскери комиссариат» атты жаңа ақпараттық жүйені енгізді. Бұл жоба әскери есепке алу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың қатысуын барынша азайтуға бағытталған цифрлық шешімдер кешенін қамтид», — деді Әнуар Әубәкіров қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның айтуынша, жүйенің негізгі тетігі — азаматтардың дербес әскери есебін жүргізуге арналған интеграциялық шлюз. Жоба аясында бірқатар жаңашылдық іске асырылып, бүгінде табысты жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, ішкі көші-қон кезінде азаматтарды әскери есепке автоматты түрде қою, сондай-ақ 17 жасқа толған азаматтарды тіркеуге алу барысында әскери есепке автоматты түрде енгізу жүйесі енгізілген.
Бұған дейін елімізде әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату жаңа форматқа көшетінін жазған едік.