Елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қалың қар және боранның салдарынан елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 наурызда сағат 14:30-да ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты жел, бұрқасын, шектеулі көріну) республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан қ.-Петропавловск қ.» (Нұр-Сұлтан қ. – Щучинск қ.) тас жолының 18-231 шақырымы аралығы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Сағат 12:30-дан бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (Нұр-Сұлтан қ. – Қорғалжын қорығы) жолының 19-180 шақырымы аралығы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Сағат 12:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық маңызы бар тас жолының 16-200 шақырымы аралығында (Нұр-Сұлтан қ.– Ерейментау қ.-Шідерті кенті) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сағат 10:45-тен бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан қ. – Қабанбай Батыр а. – Киевка кенті. – Теміртау қаласы» 16-51 шақырымы аралығы (Нұр-Сұлтан қ. – Қарағанды облысының шекарасы) тас жолы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.