«Бүгін елордаға жүк ұшағымен (Үндістаннан) және жүк көліктерімен дәрі-дәрмектер жеткізілді. Дәрілердің жалпы салмағы 23 тоннадан асады. Бұл тауарлар гуманитарлық көмек емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған», делінген хабарламада.
Үкімет пен әкімдік дәрі-дәрмекті сатып алу және жеткізу процедураларын жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетеді. Елорда әкімінің тапсырмасы бойынша дәріхана желілерінің дистрибьюторларына дәрі-дәрмектерді сатып алуға айналым қаражаты бөлініп, тасымалдауға көмек көрсетіліп жатыр.
Осылайша, бүгін дәріхана жүйелерiнің дистрибьюторлары елордаға «Ксарелто», «Ингавирин», «Клексан», «Парацетамол», «Тромбо АСС», «Азитромицин», «Анаферон», «Сумамед», «Лидокоин», «Кардиомагнил», «Цефтриаксон», «Эргоферон» және т.б. препараттар жеткізді. Ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүргізілуде.
Еске сала кетейік, осы аптаның басында елордаға жүк ұшағымен 30 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілген. Сондай-ақ жақын күндері елордаға 22 тоннадан астам дәрі-дәрмек келеді.