Елордаға FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы ең бірінші рейсін орындады. Бүгін компания ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Жаңа ғана Нұр-Сұлтан қаласына FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді, - деп жазды Азаматтық авиация комитеті Телеграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы алғашқы лоукостер -
FlyArystan әуе компаниясы 1 мамырдан бастап әуе қатынасын орындай бастайтынын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар