«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық жұмыстарының бірі – қала емханаларын кадрлармен қамтамасыз ету. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, астанадағы медициналық ұйымдардың кадрлармен қамтылуы 80,5 пайызды құрады. Дәрігерлік кадрлар жетіспеушілігі - 277 адам. Жалпы практика дәрігерлері бойынша 59 маман жетіспейді. Әрбір дәрігер үшін негізі жүктеме – 1700 адамнан келуі тиіс. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің талабы, бүгінгі норматив», - деді Сәуле Қисықова қоғамдық кеңес отырысында.
Басқарма басшысының айтуына қарағанда, елордадағы негізгі емханаларда дәрігер мамандармен қамтылған.
«Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, 1 қазандағы жағдай бойынша қаладағы денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 88 пайызды, ал техниканың ескіруі – 47 пайыз. Десе де, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш өзгеруі тиіс, себебі, жақында қала емханалар жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтылады», - деді ол.