Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазақстандық вакцина медициналық ұйымдарда, сауда, ойын-сауық орталықтарында және сауда үйлерінде егілетін болады.
«QazVac вакцинасы демалыс күндері жеткізілді. Бұл жолы вакциналар БМСК ұйымдарына, СОО жанындағы егу пунктеріне таратылды. Яғни, азаматтар QazVac-ты өз қалауы бойынша қаладағы вакцинация пунктерінен ала алады», — делінген басқарма хабарламасында.
Бүгінгі таңда елордада вакцинацияның І компонентін 170 мыңға жуық адам қабылдады. Ал басқарма қоймаларында «Спутник-V» препаратының І компонентінің шамамен 12 мың дозасы және қытайлық «Hayat Vax»-тың І компонентінің шамамен 18 мың дозасы бар.