Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл вакцина тек халықты ревакциналауға, яғни толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациядан өтуге арналғанын атап өтті.
Алғашқы вакцинация кезінде QazVac, Sinopharm, Hayat-Vac, Sinovac екпесін алғандарға «Спутник Лайт» препаратымен ревакцинация жасатуға болады.
«Вакцина арнайы мұздатқышпен жеткізіліп, температурасы -18 градус және одан төмен мұздатқыш жабдыққа орналастырылды. Емханаларға бұл вакцина тіркелген халық санын ескере отырып бөлінеді.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының вакцинация пунктерінде және сауда орталықтарында («Керуен» СОО, «Абу даби плаза», «Азия парк», «Еуразия» СҮ) ревакцинациядан өтуге болады», - деді әкімдіктен.
Осылайша, елордада ревакцинацияға арналған мынадай екпелер бар: QazVac, Sinopharm және Спутник Light. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасата алады.