Жұбаныш белдесуінде жерлесіміз Болгария өкілі Ванеса Георгиеваны 6:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, қола жүлде үшін белдесуде Түркия спортшысы Эльмира Ясинді 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады. Екінші сатыға Үндістан құрамасы жайғасса, АҚШ үздіктер үштігін түйіндеді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, елордалық балуан Марлан Мұқашев халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.