Елордалық бессайысшылар Түркияда өткен әлем кубогында чемпион атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі бессайыстан Астана қаласының спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Олар аралас эстафетада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Фото: Астана спорт басқармасы
Астана қалалық спорт басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, әлем кубогында Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.
Фото: Астана спорт басқармасы
Екінші орында Египет, үшінші орында Италия құрамасы орналасты.
Еске салсақ, Елена Потапенко биылғы Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алған болатын.
Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-орынды иеленген еді.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.