Еріктілер гүл шоқтары мен шокаладты қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде әйел адамдарға сыйлап жатыр. Акция жыл сайын өткізіледі.
«Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін», - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.
Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыс білдірді.
«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!» - деді Айнұр Смайылова.
Акция әлі де жалғасып жатыр. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.