Елордалық құтқарушылар ойын конструкциясына басы қысылып қалған баланы құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін 112 пультіне Сарыарқа ауданы, Жеңіс көшесіндегі дәмханалардың бірінде кішкентай баланың басы ойын конструкциясына қысылып қалғаны туралы хабар түсті.

Фото: видеодан алынған скрин

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы келіп, гидравликалық құралдың көмегімен сырғанақтың бір бөлігін кесіп, 2023 жылы туған баланы қауіпсіз шығарды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен медицина мамандары да жұмыс істеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуға шақырады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО-да 9 жастағы бала екі інісін өрттен құтқарғанын жазған едік.