Елордалық спортшылар пара қол күрестен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Болгарияның Албена қаласында 13-18 қыркүйек аралығында пара қол күрестен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы додаға 24 елден 547 спортшы қатысып, бақ сынады. Елордалық спортшылар Қазақстан намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтар болсақ: 

• Ербол Ескенов – 1-орын (сол қол), 1-орын (оң қол);

• Никита Ермаков – 1-орын (оң қол), 3-орын (сол қол);

• Бекзат Бүркітов – 2-орын (сол қол), 3-орын (оң қол).

Фото: Астана әкімдігі

Пара қол күресінен жаттықтырушы Заир Ахмедов жарыстың деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. 

– Чемпионат ойдағыдай өтті. Биыл 500-ден аса спортшы қатысып, бәсекелестік деңгейі ерекше жоғары болды. Біздің спортшылар бар күш-жігерін салып, өздерін лайықты көрсетті. Әсіресе, алғаш рет әлемдік аренаға шыққан Буркитов Бекзат сенімді өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді, - деді ол. 

Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің шебері Демеу Жадраев әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алғанын жазған едік.