Биылғы додаға 24 елден 547 спортшы қатысып, бақ сынады. Елордалық спортшылар Қазақстан намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтар болсақ:
• Ербол Ескенов – 1-орын (сол қол), 1-орын (оң қол);
• Никита Ермаков – 1-орын (оң қол), 3-орын (сол қол);
• Бекзат Бүркітов – 2-орын (сол қол), 3-орын (оң қол).
Пара қол күресінен жаттықтырушы Заир Ахмедов жарыстың деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.
– Чемпионат ойдағыдай өтті. Биыл 500-ден аса спортшы қатысып, бәсекелестік деңгейі ерекше жоғары болды. Біздің спортшылар бар күш-жігерін салып, өздерін лайықты көрсетті. Әсіресе, алғаш рет әлемдік аренаға шыққан Буркитов Бекзат сенімді өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді, - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің шебері Демеу Жадраев әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алғанын жазған едік.