Елордалық №1 аурухана уақытылы қаржыландырылды - Медициналық сақтандыру қоры

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қордың ақпарат жүйесінде іркіліс болуы дәрігерлердің жалақыларын төлеуге әсерін тигізгені туралы мәлімдемесін жоққа шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөзқызметінің мәліметінше, 14 тамызда әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласындағы№ 1 қалалық аурухана қызметкерлерінің жалақыларын бірнеше күнге кешіктіргенітуралы ақпар тараған.

Қоғамдық денсаулықсақтау басқармасы бұл деректі растай отырып, аталған жағдай ӘМСҚ ақпаратжүйесінде іркіліс болуы салдарынан орын алғандығымен түсіндірген.

Өздеріңізгебелгілі, ӘМСҚ тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін емдеу мекемелеріне ақытөлейтін қаржы операторы болып табылады. «Әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласыбойынша филиалы директорының орынбасары Асхат Амангелдиев орын алған жайтқапікір білдірді.

«Қордың ақпаратжүйесінде ешқандай іркіліс болған жоқ. ӘМСҚ мен медициналық қызметтердіжеткізуші арасындағы келісімшартқа сай, біз тұрғындарға көрсетілген медициналыққызметтер үшін уақытылы төлем жүргіземіз. Ешқандай кешіктіру болмады. ӘМСҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалытөлемді тіпті белгіленген мерзімнен ерте аударды. Яғни, келісімшарт шегінен шықпады»,- деді Асхат Амангелдиев.

Естеріңізге салакетейік, қор жыл басында медицина ұйымдарына жылдық бюджет көлемінің 30 пайызымөлшерінде алдын ала төлем жасаған. Осықаражат басқа да жайттарды ескере отырып, ұжымның еңбегіне ақы төлеу қорыныңтұрақтылығына жұмсалуға тиіс болатын.

Сондай-ақ, Еңбекзаңнамасына және келісімшарт міндеттемелеріне сәйкес, мекеме басшысы еңбекақытөлемін қамтамасыз етуге міндетті. Дегенмен, медициналық қызмет жеткізушілердіңшаруашылық қызметтеріне араласуға қордың құқығы жоқ.