Елордалық 22 жүргізуші көлігін мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері елорданың сақшылары жол ережесінің 1352 рет бұзылу дерегін анықтады.

Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 22 жүргізуші темір тұлпарын мас  күйінде басқарса, тағы 11-і жол қозғалысының қарсы бетіне шығып кеткені үшін ұсталды. Сонымен қатар 65 жүргізуші көлігінің қоршаған ортаға шығарындылары нормадан асып кеткендігі үшін айыпты болды. Ал 172 жаяу жүргінші көшені белгіленген жерден кесіп өтпегені үшін кінәлі деп танылды.