Елордалық №38 мектеп-лицейі халықаралық «International Quality Crown» сыйлығына ие болды

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордалық №38 мектеп-лицейі сапа, көшбасшылық, технологиялар және инновациялар үшін International Quality Crown IQC Алтын категория жүлдесімен марапатталды. Айта кетейік, Қазақстан аталмыш сыйлыққа алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына Білім басқармасынан хабарлады.

Лондон 2013 Сапа жөніндегі Халықаралық Конвенция BID, Business Initiative Directions жыл сайынғы бағдарламалардың бір бөлігі болып табылады. Ол іскерлік әлемдегі компаниялардың, ұйымдардың және кәсіпкерлердің еңбектерін мойындауға бағытталған. Жылына екі рет тәуелсіз сарапшылар әлем бойынша ірі компаниялардың қызмет көрсету сапасының мәдениетін бағалайды.

Биыл білім саласындағы алтын жүлде алғаш рет Қазақстанға бұйырды. Бұл бұған дейін компаниялары мен мекемелері сапаға беріктігі, жеткен жетістіктерін мойындау мақсатында Халықаралық премия алған Еуропа, Америка, Африка, Азия және Таяу Шығыс елдерінің жеңімпаздардың тарихи тобына қосылды.

Мектеп-лицей директоры Жамал Қасымбек International Quality Crown жүлдесін Лондонда «Business Initiative Directions» Президенті Хосе Э. Прието мырзаның ізгі құрмет марапаттауымен алды.

Салтанатты рәсімге 74 мемлекеттің компаниялары, сондай-ақ, түрлі салада қызмет ететін көшбасшылар, экономика, өнер, корпоративтік имидж саласының кәсіпқойлары, сапа саласындағы сарапшылар және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.