Елордада Мемлекет басшысы өз Жолдауында алға қойған энергия үнемдеу технологияларын енгізу міндетін орындау мақсатында 2013-2015 жылдары Энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспар іске асырылатын болады.
Аталған жоспар аясында бүгінде жылына 1500 тоннадан астам шартты отын тұтынатын кәсіпорындардың мемлекеттік энергетикалық тізілімі әзірленді. Талдауға сәйкес, бүгінгі таңда Астанада осындай 49 нысан жұмыс істейді. Отырыс барысында 5 жылдың ішінде осы кәсіпорындар энергия ресурстарын тұтыну көлемін кем дегенде 25% төмендету бойынша міндеттемелерді қабылдай отырып, өкілетті және жергілікті атқарушы органдармен келісім жасайды.
Айта кетейік, елордада жылу энергиясын есептеу құралы, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесі, сорғы станцияларында жиіліктік реттеу түрлендіргіштері секілді механизмдерді енгізу энергия шығындарын 20% жуық азайтуға мүмкіндік берді.