«Бүгін, ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында 72 жас отбасы өз пәтерлерінің кілтін алып отыр. Бұл жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысының жаңа бағыты аясында орын алды. Ол Президенттің тікелей тапсырмасымен әзірленген болатын. Сіздердің өмірлеріңіздегі аталуы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Үйлеріңізде әр уақытта да бақыт, келісім мен байлық болсын!», - деді Ә.Жақсыбеков.
Елорда әкімдігінің ақпаратына қарағанда, соңғы жылдары ішінде 4,5 мың астаналық әлеуметтік бағдарламалардың арқасында өздерінің үй-жайларын жақсартуға мүмкіндік алды. Астанада «жас отбасылар үшін баспана» бағыты бойынша өткен жылы 672 пәтер бөлінді. Қазірдің өзінде 211 отбасы қоныс тойын тойласа, 72 отбасы С 409 көшесі бойындағы 43, 45, 47 үйлердің пәтерлері пайдалануға берілгеннен кейін кілттерін алады. Жас отбасыларға арналған қалған 389 пәтер тұрғын үй комиссиясының отырысында бөлінетін болады. «Пәтерлер сатып алу құқығымен жалға беріледі. Жас отбасылар жалға алынған пәтерде 8 жылға дейін тұруға құқылы. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін олардың пәтерді өз меншіктеріне сатып алуларына құқықтары болады. Егер ондай мүмкіндіктері болмаса, онда жалға алу мерзімін 15 жылға дейін ұзартуға мүмкіндіктері бар», - деді Астана қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.
Оның атап өтуінше, мемлекеттік бағдарлама аясында салынған пәтерлердің шаршы метрінің құны 120 мың теңгені құрайды. Басты талап - елорда тұруы, екі жыл некеде тұрып, балаларының болуы және баспаларының болмауы.