Қалалық Мәдениет және спорт басқармасының мәліметінше, қатысушыларға сыйлықтар тарту етіледі, қызықты ойындар ұйымдастырылады. Алғашқы сеанста кәсіпқой жаттықтырушылар тренинг өткізеді. Сеанс соңында қонақтар «Масстарт» жарысына қатысып, шеберлік байқасады.
Екінші сеанс шорт-трек әуесқойларына арналады. Корттардың бірінде шорт-тректен кәсіпқой жаттықтырушы өз тәжірибесімен бөліседі.
Бесінші сеанста жүргізушілер мұз айдынының жаттықтырушыларымен бірге келушілер үшін түрлі ойындар өткізіледі. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар беріледі.
Еске салайық, 2018 жылдың 3 қарашасында «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай конькимен сырғанау маусымы басталған болатын. Осы уақыт ішінде 135 мыңнан астам елорда тұрғыны мен қонағы конькимен сырғанауға келген. Маусым бойы түрлі жарыстар мен шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, жаппай сырғанау аясында БАҚ өкілдерінің, елордалық театр артистерінің, және сарай қонақтарының арасында жарыстар өткізілді.
Маусымның жабылу рәсімі 2019 жылдың 14 сәуірінде сағат 09.00 мен 23.00 аралығында өтеді.