Елордалық әнсүйер қауым «Voice of Astana» байқауының қатысушыларымен кездесу өткізді
Айта кетсек, «Voice of Astana» халықаралық байқауы «Сарыарқа» велотрегінде 15 маусым (жартылай финал) және 16 маусым (қорытынды) күндері өтеді.
Қазақстанда музыкалық конкурсқа қатысуға 20-дан астам елдің түрлі жанрдағы 500-ден астам әншілері ниет білдірген. Музыкалық жобаның жартылай финалы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Украина, Әзербайжан, Грузия, Армения, Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Болгария, Эстония, Қытай, Үндістан, Моңғолия, Түркия және Израиль елдерінің талантты әртістерін біріктіріп отыр.
Конкурстан кейін «Сарыарқа» аренасына шетелдік әншілермен бірге танымал ТМД елдерінің өнерпаздары өнер көрсетеді. 15 маусым күні Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған концерт ұйымдастырылса, 16 маусымда Байғали Серкебаевтың мерейтойлық кеші өткізіледі. Сондай-ақ, «Сарыарқа» велотрегінде Астананың 20 жылдығы құрметіне Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Юлианна Караулова, Элина Чага, A-Studio тобы, Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Мейрамбек Беспаев, JCS тобы, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы, Ділназ Ахмадиева, Әли Оқапов, Динара Сұлтан, Марсель, Динайя, Лидо, The Jigits, Ағайынды Жүгінісовтер, Vox Acapella өнер көрсететін болады.