Елордалық ата-аналар тегін берілетін мектеп формасын өздері таңдайды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық ата-аналар тегін берілетін мектеп формасын қаладағы 7 дүкеннен өздері таңдап алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы оқу жылындаелордалық 6600 оқушыға тегін мектеп формасы берілмек. Олардың бәрі – әлеуметтікжағынан аз қамтылған отбасылардың балалары. Сол үшін жалпыға міндетті оқуқорының есебінен бөлінген қаржыға қосымша 200 млн теңгеге жуық қаражатқарастырылып отыр.

Нұр-Сұлтанқаласының білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, оқу жылыбасталғанған кейін тегін форма алушылар саны 6600-ден асуы мүмкін.

«Жалпыға міндеттіоқу қоры қаладағы мектептер бюджетінің 1 пайызына тең болуы тиіс. Биыл елордамектептеріне 42,7 млрд теңге бөлініп отыр. Яғни, жалпыға міндетті оқу қорыныңкөлемі 427 теңге болды. Бұл соманың 131 млн теңгесі аталмыш санаттағыоқушыларды жазғы лагерьлермен қамтуға жұмсалса, 260 млн теңгесі ыстық тамақпенқамтуға бөлінген. Қалған қаржыны тегін формаға 6600 оқушыға теңдей бөлгенде6000 теңгеден ғана келді. Сол себепті қала бюджетінен 200 млн теңгеге жуыққаражатты қосымша бөлуді ұйғардық», - дейді басқарма басшысы.

Әкімдік өкілініңсөзіне қарағанда, былтыр тегін форма алған 1674 оқушының ата-аналарымемлекеттік сатып алу арқылы алынған киімдердің сапасына көп сын айтқан екен.

«Былтыр тегінберілетін мектеп формасы мемлекеттік сатып алу аясында алынған болатын.Ата-аналар оның сапасына қатысты көп сын айтты. Биыл олай болмау үшін таңдаудыата-ананың өзіне қалдырайық деп отырмыз. Ол үшін 30 мың теңгелік сертификаттарбереміз. Яғни, жалпыға міндетті оқу қорының есебінен көмек алатын әр балаға 30мың теңге бөліп отырмыз. Бұл сомаға ата-ана спорт формасы мен мектеп формасыныңбірін таңдап алады. Аяқ киім де осы соманың ішінде кіреді. Бұл сомағакиім-кешектен бөлек кеңсе тауарларын сатып алуға болады», - дейді басқармабасшысы.

Нұр-Сұлтан қаласыбойынша мектеп формасына мұқтаж балаларға киім ұсынатын 7 дүкен таңдап алынған.

«Дүкендердің мекенжайысертификаттың артқы жағында көрсетілген. Қазіргі таңда 6200 баланың аты-жөнітізімделді. Оның үстіне бұл тізімге кірмей қалған 2500 оқушы «Мектепке жол»акциясы бойынша форма алуға өтініш білдіріп отыр. Яғни, тегін формаға мұқтажбалалар саны былтырғыдан 4 есе көбейді. Бұл сан әлі артады деп күтіп отырмыз.Әр баланың ата-анасына тізім бойынша ат-жөні жазылған сертификат беріледі. Оныңбір жартысы мектепте қалуы керек. Қалған жартысы ата-ананың қолында болады.Сертификаттың 30 мың теңгесі түгел жұмсалған кезде ата-ана оны соңғы дүкенгеөткізеді. Біз дүкендермен кейін сол сертификаттың екі бөлшегін салыстыру арқылыесеп айырысамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқармасы басышысыныңорынбасары Дулат Жекебаев.

Мектеп формасынұсынатын дүкендерді қалалық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы іріктеген.

«Аталмыш дүкенніңбәрі отандық өнім ұсынып отыр. Яғни сапасына бірінші кезекте көңіл бөлінді.Олардың ешқайсысы келісілген бағаны көтермейді», - деді Нұр-Сұлтан қаласыкәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

Әкімдік өкілдеріжалпыға міндетті оқу қоры есебінен берілетін тегін форма сертификаттары15-қыркүйекке дейін ғана жарамды екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар