Елордалық «Балдырған» циркіне - 45 жыл

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - 25 қазанда Оқушылар сарайында «Балдырған» халық циркінің 45 жылдығына орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.

Бағдарлама аясында концерттік номерлер мен құттықтаулар болады. Іс-шараға «Балдырған» халық циркінің жас әртістері, Астана қаласының мектеп, лицей және гимназия оқушылары қатысады.

«Балдырған» халық циркі өзінің қойылымдарымен 45 жыл бойы көпшілікті қуантып келеді. Соның ішінде 40 жыл бойы «халық» құрметті атағымен қызмет етуде. «Балдырған» халық циркінің негізін қалаған Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Вячеслав Анисин.

Бұл жылдары «Балдырған» Қазақстан мен ТМД елдерінде көптеген қойылымдарын көрсетіп, көптеген республикалық байқауларда, Бүкілодақтық шығармашылық фестивальдерінде лауреат атанған. ҚР Президенті мен әкім шыршаларына қатысады. Бұдан басқа, цирк тәрбиеленушілері III және IV Ұлттық Дельфий ойындарында (2007, 2008 жж.) алтыннан алқа тағынды, сондай-ақ цирктің жас әртістері Минск қаласында өткен ТМД мемлекеттерінің V Жастар Дельфий ойындарында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті (2008 ж.).

Айта кетейік, жыл сайын цирктің жас әртістері қарттар үйіне, балалар үйіне, жазғы лагерьлерге, әскери бөлімдерге барып, өнер көрсетеді.