деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қалалық ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың айтуынша, полицейлердің жедел іздестіру іс-шарасын жүргізуі барысында ұзындығы 74 метрлік жер асты жолы табылған. Тоннельдің бастапқы нүктесі банкке таяу орналасқан гараждардың бірінен шыққан. Гараж иесінің айтуынша өткен жылдың тамыз айында ол белгісіз біреулерге гаражды тұрақты жалға берген екен.
Осылайша банкке еніп, мол олжаға қарық болмақ болған қылмыскерлердің жолы кесілді. Қазіргі уақытта осы жайтқа қатысы бар бірнеше тұлға анықталып отыр.
Осы қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары кешенді жүргізілуде.