Елордалық «Барыс» клубы Омбының Авангардын 3:2 есебімен жеңді

sp; АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Сәрсенбі күні елордада өткен кездесуде «Барыс» хоккей клубы (Астана) ресейлік «Авангард» клубын (Омбы облысы) жеңді,

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

 Ойынның  нүктесі   овертаймда  қойылды  және   3:2 есебімен   «Барыстың» жеңісімен  аяқталды.    Барыстықтардың  қатарында  М.Спиридонов, Т.Жайлауов және  К.Даллмэн   сынды ойыншылар  көзге  түсті.

 Андрей   Шаянов  жетекшілік ететін елордалық команданың келесі  қарсыласы  -  ресейлік   «Сібір»  клубы (Новосібір). Ойын қарашаның 22-де Новосібірде  өтеді.