«Осы уақытта елорда бойынша 25 адамда коронавирус анықталды. 18 адам инфекциялық стационарда жатыр. Дене температуралары қалыпты шамада. Шағымдары жоқ. Барлық науқас дәрігерлердің қатаң қадағалауында. Бүкіл медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ол тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.
Басқарма басшысы 17 наурызда жаңа 15 жағдай тіркелгенін айтты.
«Жалпы жұқтырғандардың 74 пайызы немесе 14-інің жасы– 30-49 жас аралығында. Екі жағдайда жас аралығы 50-59. Бір жағдайда 18-20 жас аралығы. Тағы бірінің жасы 14-те. Осылардың бесеуі қалалық стационарында болған. Төртеуі Италия және Оңтүстік Корея елдерінің рейстерімен келген. Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы. Бір пациент инфекциялық блокта өткір ЖРВИ-дің ауырлығы орташа деңгейде жатқан. Диагностика барысында одан да коронавирус анықталды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық», - деді ол.
Сәуле Қисықова қалған 11 адам мониторинг барысында анықталғанын жеткізді. Кейбірі эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз елдерден келсе, кейбірі бұрын жұқтырғандармен байланыста болған. Олардың да жағдайы жақсы.