«Сиыр еті 3%, ұн 0,6-1% арзандады. Сонымен қатар, жемістер мен көкөністер 5,4%, пияз 9,4%, ақ қауданды қырыққабат 9,2%, картоп 7,7%, сәбіз 7,4%, қызылша 7,3%, қызанақ 5,1%, жүзім 4,0%, алма 2,7%, алмұрт 2,2%, қияр 14,6%, құс еті 3,9 %, шай 1,3%, ет 0,9%, алкогольсіз сусындар 0,7% төмендеді», - делінген ақпаратта.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасы көтерілді. Жұмыртқа 3,4%, қант 1,6%, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері 1,4%, сарымай 0,8% қымбаттады.
Жарма тобында қарақұмық бағасы 3,3%, ұнтақ жармасы 1,5%, арпа жармасы 1,3%, тары 0,6%, сұлы жармасы 0,5% өскен. Бұдан басқа, кеңсе тауарлары мен сызба керек-жарақтары 3,9%, жуу және тазалау құралдары 0,9%, жеке күтіну құралдары мен тауарлары, өзге де заттар 0,4%, үйге қажетті жиһаздар мен заттар 0,3%, фармацевтикалық өнімдер 0,2%, бензин 0,1% қымбаттады. Оқу ақысы 1,0%, денсаулық сақтау саласында 0,2% жоғарылады.