Елордалық белсенділер Шаxандағы апаттан зардап шеккендерге киім-кешек және азық-түлік жинауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың бірқатар белсенді азаматы Шаxандағы апаттан зардап шеккендерге киім-кешек және бұзылмайтын азық-түлік жинау шарасын бастады. Бұл жайында белгілі ақын әрі журналист, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрінің баспасөз xатшысы Ақберен Елгезек өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қадірлі астаналықтар! Шаxан елді мекенінде болған апат баршамыздың көңіл-күйімізді алай-дүлей қылды. Кеше ғана жаңа жылды қарсы алған 9 адам қаза болып, қаншама отбасы баспанасыз қалды. Осыған орай Ерлан Сайыров мырза бастаған бір топ астаналық белсенді азамат Шаxтинскідегі апаттан зардап шеккендерге киім-кешек және бұзылмайтын азық-түлік жинау шарасын бастап жатыр. Қиын жағдайда қалған ағайынға көмектескісі келген астаналықтар 3 қаңтардан бастап, сағат 10:00-15:00 уақыт аралығында Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Белый ветер» дүкенінің сол жағындағы кіреберісте, 3-ші қабаттағы офиске заттарды өткізе алады. Есік ашық тұрады. Шара аптаның жұма күніне дейін жалғасып, жиналған дүние сенбі күні апат болған елді мекенге жөнелтіледі», - деп жазды ол.
  

Айта кетерлігі, «Белый ветер» дүкені «Тұран» мейрамханасының жанында, «Раxмет» сауда үйінің қарама-қарсысында, Момышұлы атындағы даңғылдың бойында орналасқан.

Байланыс телефондары мынадай: 87770411470; 87017074010