Елордалық бірнеше әйелге несие алдырған алаяқты полиция Алматыда ұстады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық полицейлер әйелдерді алдап ақшаларын иемденіп, аттарына несие рәсімдеуге көндірген алаяқты ұстады, депа хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 дерек бойыншакүдікті ретінде ұсталған ер адам әйелдердің сеніміне кіріп, олардан қомақтыақша, машиналарын иеленген. Сонымен қатар әйелдерді «бизнесіне» көмек сұрап, аляқтықжолмен оларға несие алдырған.

«Полициядепартаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысындаелордада әйелдерді алдап бірқатар алаяқтық жасаған 34 жасар Т.-деген азаматтыАлматы қаласында қолға түсірді. Ол бір жәбірленушіні алдап, алты миллион теңгесінжымқырған. Онымен қоймай бірнеше әйелмен көңіл жарастырып, тіпті бірге детұрған», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ерадам Алматы қаласының Тергеу изоляторына қамалды, тергеу іс-шараларыжүргізілгеннен соң елордаға этаппен жеткізіледі.

Сонымен қатар, күдіктібылтыр автокөліктен ұрлық жасап, құны 360 мың тұратын алтын білезікті қолдықылған.

Қазір тергеужүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар екендігі тексерілуде.Осыған байланысты елорданың Полиция департаменті ұсталған азаматтың қылмыстықәрекетінен зардап шеккендер болса астаналық полиция департаментіне арыздануды немесемына телефондарға: 8(7172)71-60-22, 71-63-29; 102 хабарласуын сұрайды.