Сонымен қатар шағымданушы қызын ұрлаған белгісіз азаматтың сес көрсетіп, телефон арқылы смс-хаттар жібергендігін айтқан.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «ВВС» қонақ үйі кешенінен 1969 жылы туылған Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғынын қолға түсірді. Оқиға желісін тексеру барысында қорқыту мәтіндерімен жазылған смс-хаттардың бәрін жәбірленуші қыздың өзі жазғандығы анықталып отыр. Ал ұрлыққа қатысы бар деген азамат бұл жайттардан бейхабар болып шықты. Қазір бұл факт бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», дейді аталған ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бастығы Нұрділдә Ораз.