Өрт төрт сағаттан кейін сондірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерден 58 жастағы ер адамның денесі табылды.
Шамамен осы кезде Астана қаласында орталық базарда «Дастарқан» кафесіне лайықталып қайта жабдықталған металл контейнерде және оның жанында тұрған үш контейнерде өрт болды.
Өрт екі сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 40 адамы мен 8 бірлік техникасы; ҚР ТЖМ «Медициналық апаттар орталығы» ММ 3 адамы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.