Дәрігер бұл спорт түрімен небәрі төрт жыл бұрын ғана, яғни 33 жасында айналыса бастапты. Мақсаты – денсаулығын жақсарту ғана болған.
«Пауэрлифтингіден әлем чемпионы, республикалық чемпионаттардың жүлдегері, бапкер Александр Мирошниковпен таныстым. Ол менің нәтижелерімді көріп, өзімді кәсіби спортшы ретінде сынап көруді ұсынды. Өткен жылдың мамыр айында Алматыда өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, күміс жүлдеге ие болдым, алғашқы өнер көрсетуде бірден «спорт шеберлерінің» нормативін орындаған екенмін», - дейді Олеся Калинкина.
Енді дәрігер спорттық мансабын жалғастыруға ниетті. Мамырда Үндістанда өтетін Азия чемпионатына баруды жоспарлап отыр. Ол медицина саласындағы мамандығын да қатар алып жүр. №3 ауруханада 2021 жылдың қаңтарынан бастап эндоскопист болып жұмыс істейді. Жалпы, еңбек өтілі – 11 жыл.
«Мен үшін біліктілікті арттыру өте маңызды, сондықтан үнемі білімімді жетілдіруге тырысамын. Семинарларға, конференцияларға қатысып, онлайн курстардан өтемін», - дейді ол.
Сонымен қатар, Олеся Калинкина – аяулы ана, сүйікті жар. Жұбайы да дәрігер.
«Егер сіз шын мәнісінде қаласаңыз, спортқа, жұмысқа, отбасына, бәріне де уақыт таба аласыз. Туыстарым мені жақсы қолдайды, көмектеседі. Күйеуім алғашында жаңа спорттық хоббиіме қарсы болды, ол пауэрлифтинг әйелдерге қолайлы емес дейтін. Енді жетістіктерімді көріп, мені мақтан тұтатынын және барлық жағынан қолдайтынын айтады. Ол менің дамып, өскенімді қалайды», - деді жеңімпаз.
Фото: gov.kz