Ашық есік күндері аясында емханаларда маммолог және онколог мамандар консультациялар береді, сонымен қатар, елорда тұрғындары онкодиспансер мамандарының кеңесін ала алады. Бұдан басқа, ададамдар скринингтен өтіп, мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарын қояды. Қатерлі ісік қазіргі заманның жаһанды проблемасы болып тұр - Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардан 17 мың адам көз жұмады, соның ішінде 42% еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, сондай-ақ, елімізде қатерлі ісік ауруынан өлу халықтың өлімі құрылымында екінші орынға ие. 2013 жылы Астанада қатерлі ісікке шалдығу оқиғалары 100 мың адамға шаққанда 172,6, ал одан өлу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 81,1 құрады. Айта кетейік, елордада 2013 жылдың қорытындысы бойынша науқастардың басым бөлігі сүт безінің қатерлі ісігіне, өкпе қатерлі ісігіне, асқазан қатерлі ісігіне және тері қатерлі ісігіне шалдыққан.
12:50, 05 Ақпан 2014
Елордалық емханаларда онкологиялық аурулардың алдын алу онкүндігі аясында ашық есік күндері өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3-12 ақпанда Астана емханаларында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай онкологиялық аурулардың алдын алуға және ерте анықтауға арналған онкүндік аясында ашық есік күндері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан хабарлады.