2013 жыл №8 емхана үшін сапа менеджменті жүйесін үздіксіз жетілдіру жылы болды. Дайындық барысында көптеген құжат қайта қаралып, сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкестендірілді.
Айта кетейік, сертификаттау аудитін тәуелсіз аудиторлық қызметтер көрсететін әлемнің жетекші компанияларының бірі TÜV Rheinland Group (ТЮФ Рейнланд Групп) (Германия, Кельн қаласы) жүргізді. Қазіргі уақытта әлемнің 61 мемлекетінде компанияның 500-ге жуық өкілдігі бар. Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдігі 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.