1-7 наурыз аралығында өтетін шараны қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отыр. Шара аясында барлық тұрғындар мен қала қонақтары түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениетімен жете таныса алады. Бүгінгі шараның қонақтары үшін танымдық экскурсия өткізілді, бірлестіктердің өкілдері өз орталықтарының қызметі туралы баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар халықтық бұйымдар көрмесін тамашалап, ұлттық тағамдардан да дәм тата алды. Концерттік бағдарламаға шешен-ингуш, неміс, поляк, кәріс, өзбек, башқұрт-татар этнобірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысып, көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. «Биыл бәріміз осы бірегей институттың 20 жылдығын атап өтудеміз, соның аясында қалалық этномәдени бірлестіктер жыл бойы бір шаңырақтың астында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмірлерін насихаттап, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қоспақ». Ләззат Құсайынованың айтуынша, Астана қаласында өзге ұлт өкілдерінің саны жыл сайын ұлғайып келеді. Олардың басым бөлігі - өз ұлтын сүйетін жастар", - деді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.
18:40, 03 Наурыз 2015
Елордалық этномәдени бірлестіктердің ашық есік күндері өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған этномәдени бірлестіктердің ашық есік күндері басталды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.