Оқиға кеше «Мерседес-Бенс-814» автомобилінің двигателі мен салонында орын алды.
Өртті Астана ТЖД өрт сөндірушілер бригадасы жарты сағат өткеннен кейін ауыздықтады. Көліктің салонынан құтқарушылар 50 жастағы ер адамның мәйітін тапты.
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Елордалық «Керуен» сауда орталығының автотұрағында автомобиль жанып кетті, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.