гарнизонның жеке құрамы арасындағы жемқорлық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қалалық ІІД бастығы, полиция полковнигі Марат Демеуовтің басшылығымен өткен жиын барысында гарнизонның жеке құрамы арасында анонимді әдіспен жүргізілген психологиялық зерттеу қорытындысы таныстырылды.
Қатысушылардың айтуына қарағанда, бүгінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін толғандырып отырған осынау проблеманың негізі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, қызметкерлердің жалақы көлемдерінің аздығына тікелей байланысты екен.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасына тергеуші Жарасқан Ақбердиевтің баяндамасы бойынша, ағымдағы жылдың 9 айында қалалық департамент қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты 790 шағым түсіп, оның 48-і расталған. Ал 392 факті негізсіз деп танылып, 203-і басқа қызметтердің қарауына берілген. Осы уақыт аралығында қалалық департамент қызметкерлері жасаған әртүрлі сипаттағы 25 қылмыс тіркеліп, 19-ы жауапқа тартылған. Жасалған қылмыстардың жалпы санының 17-сі парақорлық сипатта болып отыр.