АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласының Әділет департаментінде елордалық «Кәмелетке жасы толмағандарды бейімдеу орталығының» балалары үшін қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Акция аясында балалар бөлмелерін жабдықтау үшін қажетті жиһаз-мүліктер, сондай-ақ, орталық тәбиеленушілері үшін ойыншықтар мен сыйлықтар алды.
Астана қаласы Әділет басқармасының қызметкерлері өзара түсіністік жағдайында балаларға құқықтары туралы әңгімелеп, олардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Кездесу соңында қатысушы қонақтар мен балалар бірігіп, халық биі «Қара жорғаны» биледі.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.