«Қаланың кез келген тұрғыны шамамен 20 минуты тұрақ орын іздеуге кетеді. Көлік жанармайының орташа есеппен 30 пайызы тұрақ іздеуге жұмсалады. Жүргізушілердің 27 пайызы тұрақ орны үшін өзге жүргізушілермен дауласып жатады», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында.
Оның дерегінше, жүргізушілердің 45 пайызы жолдағы кептелістертің күйзеліс деңгейін арттыратындығын айтқан.
«Жүргізушілердің шамамен 50 пайызы паркингпен байланысты проблема туындаған кезде жоспарларын өзгертеді немесе кейінге шегеріп жатады. Қаладағы кептелістердің 30 пайызы тұрақ орнын іздеу барысында туындайды», - деді Шыңғыс Досыбаев.