Елордалық көлік жүргізушілері 552 млн теңге айыппұл төледі
«Осы жылдың басынан бері жол жүрісі ережесін бұзудың 30 мыңнан астам фактісі тіркеліп отыр. Айыппұл сомасы – 552 млн теңге. Бұл сома не бәрі 3 айдың ішінде ғана жиналды. Жол белгілерін елемеу, көлікті дұрыс қоймау, қоғамдық көліктерге арналған жолақпен жүру, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету сынды жол жүрісі ережесін бұзушылық жиі кездеседі», - деп түсіндірді Елжан Шүпеков ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай.
Бүгіннен бастап елорда аумағында көлігін жол бойында қалдырып кететін жүргізушілерге айыппұл салу басталады. Айыппұл салу қала көшелерін аралап жүретін 2 көліктің ішіне орнатылған арнаулы аппарат арқылы жүзеге асырылады. Аппарат құқық бұзушылық жасалған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, GPS⁄ГЛОНАСС көмегімен нақты орын мен уақытты анықтайды.