Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның айтуына қарағанда, осыдан екі күн бұрын қалалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері өткізген жедел іздестіру шарасы барысында, Абай мен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында елордалық 1967 жылғы азамат басқаруындағы «Ауди-100» көлігі тексерілген.
«Бұл автокөлікті және ұсталған азаматтың жеке заттарын тексеру барысында салмағы 1,83 грамм героин және 1,49 грамм гашиш тәркілденді. Сонымен қатар осы көліктің салонындағы жолаушыны тексеру барысында, оның жеке заттарының арасынан 3,13 грамм героин табылды», дейді Н.Ораз.
Қазіргі уақытта тұтқындалған екі азамат Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулау орнына қамалып, олардың үстінен ҚР ҚК-нің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.