«Өткен тәулікте ауруханамызда 13 бала дүниеге келді. Оның ішінде Жаңа жыл түні - 3 бала. Үшеуінің де қыз болуы ерекше жағдай. Біздің ата-бабаларымыз ежелден қыздың дүниеге келуі – молшылық пен береке деп есептеген», - деп жазды ол.
Сәбилерге жаңа туған нәрестелерге арналған конверттер сыйға тартылды, олардың аналарына гүл шоқтары мен елорда әкімінің атынан құттықтау хаты табысталды.
«Ауруханада жыл сайын 8 мыңнан астам босанатын әйел медициналық көмек алады. Акушерлер күніне 15-25 әйелді босандырады. Мәселен, 2022 жылы біздің перзентханада 7222 сәби дүниеге келген», - деп қосты Жұлдыз Данбаева.
Фото: №3 көпсалалы қалалық аурухана