Қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Шығарманы қазақ тіліне аударған ақын Хамит Ерғалиев.
Аталмыш премьераның басты ерекшелігі - Қаллеки театрының шығармашылық ұжымының кезекті әлемдік сахна өнеріндегі туындыға бет бұруында. У.Шекспир шығармашылығындағы «Гамлет» трагедиясы, Қаллеки сахнасында тұңғыш рет сахналанбақ. Әлемнің барлық елінде сахналанған, экранға шыққан трагедияның қаһарманы жаңа сарынмен сахнаға жол алды.
Гамлет бейнесінде театрдың орта буын артистері, яғни ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуілов пен ҚР Дарын жастар сыйлығының иегері Сырым Қашқабаевтардың шеберлігімен сомдалмақ.
Әлемге әйгілі кейіпкер «Гамлет» Дат елінің ханзадасы. Оның тағдыры жақсылық пен жамандықтың, сатқындық пен жалғандықтың, сүю мен жек көруде ар жолынан саналы түрде трагедияға ұшыратады. Оның осы тартыстағы бір мақсаты - бар болу ма болмаса жоқ болу. Шытырманға толы тартыстар мен машақаты мол махаббат тартысына жетелейтін шығармадан әр көрермен өз көргенін ойына түйінмек.