Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінен хабарлады.
«Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Мақтұмқұлы көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен есірткі затын саудаламақ болған азаматты тұтқындаған. Оның жеке заттарын тексеру барысында 5 граммға жуық есірткінің ең ауыр түрі - героин тәркіленген.
«Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде мүлкін тәркілеу арқылы 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған қылмыстық іс қозғалды», делінген баспасөз хабарламасында.