Балалардың жарақаттануы мәселесіне назар аудару, балалардың төтенше жағдайларға ұрыну жағдайларының санын азайту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков арнайы қатысты.
«SOS» балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысқан іс-шара барысында құтқарушылар балаларға түрлі аниматорлардың көмегімен концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, ойыншықтар мен сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ балаларға жылжымалы дала асханасынан ыстық тағам, жайылған дала шатырында тәттілер ұсынып, кинологиялық есептеулердің, құтқарушы-сүңгуірлердің көрсетілімдері ұсынылды. Өрт сөндіру техникасымен және өрт сөндірушілердің жауынгерлік жабдықтарымен таныстыру ұйымдастырылды.