21 наурызда Халықаралық қуыршақтар театры күні аталып өтіледі. Аталған мереке барша әлемде 2003 жылдан бері тойланып келеді. Астана қалалық Қуыршақ театрына биыл 9 жыл болады, онда 30 астам актер, қоюшы-режиссер, суретші мен қуыршақтар шебері еңбек етеді. Театр труппасы әрбір қойылымға мұқият дайындалады, өйткені спектакльге ең мұқият жас көрермен өз бағасын береді.
Қазіргі кезде әртістер наурыздың 19-ы мен 25-і аралығында Тамбов қаласында (РФ) өтетін халықаралық фестивальға дайындалу үстінде, әртістер көпшілік назарына «Атамекен» трагедиясын ұсынбақ.
Қойылымда тауларды қар басып, туған жеріне жете алмай отырған шағын қазақ ауылының тұрғындары жайлы баяндалады. Спектакльде қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті сипатталады.
Театрдың қоюшы-режиссері әртістердің әрбір дайындығын мұқият бақылайды.
Театр репертуарында түрлі жанрдағы қойылымдар бар, балалар трагедияларды да, көңілді комедияларды да ұнатады. Әр спектакль белгілі бір жастағы балаларға арналған. «3 » тобы - ең кішкентай балаларға арналған, барлық жастағы оқушыларға ұсынылатын қойылымдар да бар. Санатына қарай спектакльдің ұзақтығы да өзгереді.
Елордалық қуыршақтар театры өз жұмысын «Қыз Жібек» поэмасының желісі бойынша «Махаббат туралы поэма» спектаклінің премьерасынан бастады. Театр арсеналында жарқын және ерекше қуыршақтар бар, ең үлкені биыл 9-ға келеді. Жаңа қуыршақ кейіпкерін жасау процесі көп еңбекті қажет етеді. Алдымен, кейіпкерді режиссер ойлап табады, содан кейін суретші оның бейнесінің эскизін салады, ал соңғы кезеңде тігінші қуыршақтың әрбір элементін жасайды.
Айжан Салаева, Астана қаласының Қуыршақ театрының қоюшы-режиссері:
- Бізде арнайы суретші мен тігін цехы бар. Алдымен бәрін солармен келісеміз. Біз не қалайтынымызды және қуыршақтың қандай болатынын айтамыз. Содан кейін эскиз бен қуыршақ жасалады.
Қазіргі кезде театр барлық республикалық мерекелік шараларға белсенді қатысады, театр қоржынында «Үздік спектакль» және «Үздік актерлік жұмыс» бойынша халықаралық фестивальдардың марапаттары бар.
Елордалық театр қызметкерлері төл мерекелерін зор мақтанышпен қарсы алады. Олардың әрқайсысы еңбектерінің жас көрермендердің тәрбиесіне оң әсерін тигізгенін қалайды.
03:07, 20 Наурыз 2016
Елордалық қуыршақ театры халықаралық фестивальға қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Қуыршақ театры наурыздың 19-ы мен 25-і аралығында Тамбов қаласында (РФ) өтетін халықаралық фестивальға дайындалу үстінде, әртістер көпшілік назарына «Атамекен» трагедиясын ұсынбақ, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.